ҚазМедиаЖелі: ұйымның жаңалықтары

«Alataý Аqparat» ұжымына «KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігінің мамандары келіп тренинг өткізді

Кәсіби журналист, жалпы бұқаралық ақпарат саласының қызметкері үшін сауатты жазу, сөйлеу аздық етеді. БАҚ маманы жан-жақты білімді, медиасауатты болуы – қазіргі заманның басты талабы.

Медиасауаттылық деген не? Дәл осы ауқымды ұғымды түсіндіру мақсатында күні кеше «Alataý Аqparat» ұжымына «KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігінің мамандары келіп тренинг өткізді.

«Alataý Аqparat» медиахолдингі директорының уақытша міндетін атқа рушы Гүлжазира Амангелдіқызының арнайы шақыртуымен келген білікті мамандар, медиасарапшы Бақытгүл Бурбаева мен белгілі журналист Есен гүл Кәпқызы медиасауат бойынша білімді журналистерге барынша кең және түрлі әдістермен түсіндіруге ты рысты.

Мамандар «Журналистің этика сы», «Зиянды медиаәдеттер» тақыры бында дәріс оқыды. Сондай-ақ, олар «Almaty aqshamy» және «Вечерний Алматы» газеттерінің журналистері мен vecher.kz, almaty-akshamy.kz сайт тарының қызметкерлері арасында MediaQuiz ұйымдастырды.

https://almaty-akshamy.kz/mediasauattilik-zaman-talabi
Made on
Tilda