ҚазМедиаЖелі: ұйымның жаңалықтары

Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің сарбаз өлімі мәселесіне қатысты мәлімдемесі

Алматы қ. 26 қаңтар 2023 жыл
№6

Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің төрағасы Жұлдыз Әбділда, орынбасары Оразай Қыдырбаев, комитет мүшелері Олжас Әбдіхалық, Мейрамхан Жәпек, Руслан Никонович, Ольга Чебакова, Диана Окремова қатысқан отырыста сарбаздың қайтыс болуы туралы жариялау мәселесі қаралды.

Қоғамдық комитет:

1. Бұқаралық ақпарат құралдары сарбаз өліміне қатысты жаға ұстататын жайттарды, соның ішінде интим мәселелерді ашық жария еткен. Алайда, дәл осы жағдайда ол амалсыздықтан болған. Кейінгі жылдары мемлекеттік органдар тарапынан әскердегі қайғылы жағдайларды (сарбаздардың өлімін) жан-жақты әрі барынша ашық тергеп-тексеру болмағандықтан, осы мәселеге қоғамның назарын аудару үшін мұндай ақпаратты ашық жазуға тура келген деп санайды.

2. Қоғамдық комитет қалыпты жағдайда адамның жеке өміріне қатысты мәліметтерді, соның ішінде аса шетін мәселелерді жария ету этика талаптарын бұзуға жататынын айта келіп, қоғамдық мүдде басым болған жағдайда журналистер ақпаратты осылай да жеткізуге мәжбүр болатынын, олардың мұндай құқығы бар екенін айтады. Соған қарамастан, комитет интимдік детальдарды тақырыпқа шығару этикаға жатпайтынын және қай жағынан да дұрыс емес екенін ескертеді:

https://zhasalash.kz/sayasat/tarazda-asylyp-olgen-soldattyn-auzynan-ish-kiiminen-birneshe-adamnyn-shaueti-anyqtaldy-23139.html

https://life09.kz/kz/news/zhanalyktar/skerde-oz-ozine-kol-zhumsagan-sarbazdyn-auyz-kuysynan-ish-kiiminen-birneshe-er

https://nege.kz/news/el/askerde_ozine_kol_salgan_sarbazdin_auizinan_birneshe_er_adamnin_shaueti_tabildi_20230123125515

https://sputnik.kz/20230123/suitsid-zhasagan-sarbazdyn-denesinen-dosynyn-shaueti-tabyldy--advokat-31365131.html

https://aikyn.kz/238481/zhambyl-oblysynda-koz-zhumgan-sarbazdyn-kiiminen-sheueti-tabylgandardyn-esimi-belgili-boldy-advokat/

https://exk.kz/kk/news/152676/auzynan-shuiet-tabylgan-asylyp-olghien-sarbazga-katysty-sumdyk-dieriek-aityldy

Шақырылған сарапшы пікірі:

Комитет мүшелері медиа саласындағы заңгер Гүлмира Біржановадан осы мәселеге қатысты пікірін сұраған еді:

«Кейінгі жылдары ғана Қазақстан әскеріндегі жарғыға қайшы қарым-қатынас жөнінде 700 қылмыстық іс қозғалған екен, бұл саланың жүйелі проблемасы бар екенін көрсетеді. Бұл жағдай ақпарат кеңістігінде де көрініс тауып, аудиторияның түрлі реакциясын тудырады (қорқыныш, үрей, алаңдау). Сонымен қатар адвокатты адвокат құпиясын ашқаны үшін жауапкершілікке тарту қаупі де бар».

Айтылған пікірлерді ескере келе, Комитет мынадай Мәлімдеме жасайды:

1. Қорғаныс министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық Қауіпсіздік комитетіне, Әскери прокуратураға, Әскери сотқа, Бас прокуратураға болып жатқан оқиғалардың жедел және жан-жақты тергелуі үшін тиісті шара қабылдауды, сонымен бірге баспасөзде жарияланып жатқан мақалаларға талдау жасап, оларға дер кезінде назар аударып, халыққа болған жағдай туралы ашық әрі объективті ақпарат беруді ұсынамыз. Іздеу жүйелері «Қазақстандағы әскер өлімі» деген сұрауға 10 000-нан астам нәтиже көрсетеді, бұл әскер өлімінің ақпарат кеңістігінде көп талқыланатын мәселе екенін, оған қоғам назары үнемі ауып тұратынын көрсетеді.

2. Журналистерге мұндай тақырыптардың аса сезімтал екенін, тым шетін жағдайларды ойланбастан тарату зардап шегушілер мен олардың туған-туыстарына ауыр тиетінін ескеруді ұсынамыз. Әрі мұндай тақырыпта хайп жасау аудиторияның кәсіби медиаға деген сенімім төмендететінін еске саламыз.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Төраға
Жұлдыз Әбділда
Made on
Tilda