ҚазМедиаЖелі: ұйымның жаңалықтары

Қазақстандағы медианың өзін өзі реттеу Қоғамдық комитетіне мүшелерді сайлау қорытындысы шықты

Қоғамдық комитеттің екінші құрамына барлығы 27 үміткер ұсынылды. Олардың 19-ы медиақауымдастықтан, сегізі Үкіметтік емес ұйым секторынан. Үміткерлерді ұсыну 2023 жылдың 6-26 маусым аралығында жүргізілді.

Үміткерлерге дауыс беру туралы хабарландыру 26 маусымда жарияланды, сайлау 27 маусымда басталып, 29 маусымда түнгі 12.00-де аяқталды. Соңғы дауыс беру уақыты

- 23.58.41.

Медианың өзін өзі реттеуі Қоғамдық комитетінің Ережесі бойынша Медиа тізімінен ең көп дауыс жинаған алты адам, ҮЕҰ тізімінен үш адам сайлануы тиіс.

Ереже бойынша, егер Комитет мүшелерінің бірі қандай да бір себеппен комитет құрамынан шығып қалса, тізімде көп дауыс жинаған келесі үміткер оның орнын баса алады. Немесе бірдей дауыс жинаған үміткерлер болса, олардың алфавит бойынша фамилиясы бірінші тұрған адамға басымдық беріледі. Бізде ондай сәйкестік екі жерде кездеседі: әр тізім бойынша бірден.

«Қазақстандық медиа желі/ KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі комиссиясының (құрамы Лариса Павловна Нода, Бактыгуль Бурбаева и Жания Әбдібек ) шешімімен берілген дауысқа негіздей отырып, комитеттің жаңа құрамы мақұлданды:

• Жұлдыз Әбділда, "Ұлан"газеті бас редактордың орынбасары

• Диана Окремова, Құқықтық медиа орталық директоры

• Динара Калиева, «ҚР Президентінің телерадиокешені» КЕАҚ

• Анастасия Боловинцева, informburo.kz бас директор

• Олжас Мурзагалиев, «tengrinews.kz» бас редакторы

• Қалима Тәжіқұл, медиаэксперт, медиатренер

• Нұрлыбек Рахманов, "Медиа білім"қорының директоры

• Гульмира Биржанова, Құқықтық медиа орталық, медиа заңгер

• Есенгүл Кәпқызы, оқытушы, «Мінбер» қоры, бас директоры

Қазақстандағы медианың өзін өзі реттеу Қоғамдық комитетінің құрылтайшылары атынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Лариса Нода сөз сөйледі. Ол этиканың журналистикадағы маңызына тоқтала отырып, комитеттің жаңа құрамына «медианы этиканың биік шыңына көтере алатын адамдардың» енгеніне қуанатындығын жеткізді.

Жаңа құрамды белгілі медиа заңгер Ольга Диденко құттықтап сөз сөйледі. Оның айтуынша, соңғы кездері қоғамда этиканы сақтайтын медиаға деген сұраныс артып отырған көрінеді.

«Бұл сайлауға қатысқан әрбір үміткерге рахмет айтамыз. Сондай-ақ, медиа этикаға негізделген кәсіби журналистиканың белсенді қолдаушысы болуға шақырамыз! Жаңа құрамның Медианың базалық принциптеріне және халықаралық журналистік этика кодекстеріне сүйене отырып, медиа этикаға қайшы мәселелерді әшкерелеуге дайын болуына тілектестік білдіреміз. Ең бастысы, бірлесе отырып ұсыныстарды қабылдау, оны қоғам назарына жеткізе білу. Медиа этикаға қайшы әрекеттерді азайтуға үлес қоса отырып, Қазақстан журналистикасын қайтадан сапалы журналистикаға айналдыру. Біз бірге журналистер арасында және қоғамда этика нормалары туралы айтуды жалғастыра береміз», - деп атап өтті «Қазақстандық медиа желі/ KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Бактыгуль Бурбаева.

Статистика:

272 адам дауыс берді, солардың ішінде:

Республикалық медианың өкілдері - 76

Аймақтық медианың өкілдері - 52

Фрилансерлер - 11

Қазақстан университеттерінің журналистика кафедрасының оқытушылары - 23

Студенттер - 13

ҮЕҰ - 38

Халықаралық ҮЕҰ - 2

Кәсіпкерлер мен бизнес кәсіпорындары - 7

Баспасөз қызметі - 10

Әртүрлі мемлекеттік органдар - 7

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі - 1

Мектеп мұғалімдері мен әдіскерлері - 16

Жарнама саласы - 1

Үй шаруасындағы әйел - 2

Жұмыссыздар - 13

Сайлауға қатысқан медиалар: "Орал өңірі» (Уральск), Altaynews.kz (Усть-Каменогорск), Бірінші Қарағанды телеарнасы, ТДК-42 (Уральск), «Түркістан» қалалық газеті, «Ontustik Rabat» газеті,"Қостанай таңы", ТВК-6 (Семей), «AQSHAM» телеранасы, lada.kz (Ақтау), Mangystauzhastary.kz, ИА «Семей айнасы», "Наша Газета" (Костанай), «Огни Алатау» (Талдықорған), «Кызылординские вести» және басқалар.

Және Азаттық радиосы, Egemen Qazaqstan,"Білімді ел», BaigeNews.kz , «Деловой Казахстан», «Алматы» телеарнасы, «Elmedia», «Ана тілі», Informburo.kz, КТК, abai.tv, mediametrics.kz , телерадиокомплекс Президента РК, "Түркістан-Медиа"ЖШС, «Новое телевидение», «Парасат» студенттік студиосы, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы, «Қазақ радиосы» және басқалар.

Қазақстандағы медианың өзін өзі реттеу Қоғамдық комитеті

2023 жыл, маусымның 30-ы
Made on
Tilda