11 ақпанда Медианы өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеттің отырысы өтті, бұл комитеттің 2023 жылғы екінші жиыны. Күн тәртібінде бірқатар мәселе қарастырылды. Қабылданған шешім комитеттің сайтында жарияланып, ЖОО журналистика факультеттері оқытушыларына, серіктес медиаға және медианың негізгі принциптерін қолдаған жалпы журналистер қауымына жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, комитеттің алғашқы құрамы екінші жыл жұмыс істейді, биыл екінші құрамға қайта сайлау өтеді. Бұл ретте Комитет бұқаралық ақпарат құралдарының өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеті туралы ереженің негізінде Комитеттің төрт мүшесін жаңа құрамға ұсыну туралы шешім қабылдады. Олар Жұлдыз Әбділда, Диана Окремова, Мейрамхан Жәпек, Руслан Никонович.
1 маусымнан 30 маусымға дейін Google form-да комитеттің екінші құрамына екі санат бойынша ұсынылатын кандидаттар тізімі жарияланады: медиа (журналистер, редакторлар, медиа сарапшылар) және үкіметтік емес ұйымдар (шығармашылық одақтар, қауымдастықтар, еріктілер ұйымы және т.б.). Сайлау бірінші құрамдағы комитеттің төрт мүшесін ескере отырып өтеді. Яғни барлық үміткерлер тізімінен жиналған көпшілік дауыспен медиадан үш, ҮЕҰ-дан екі кандидат комитет мүшесі болып сайланады.