ҚазМедиаЖелі: ұйымның жаңалықтары

"Қазақстандық Медиа Желі" қоғамдық ұйымы ресми түрде тіркелді.

Қазақстандағы медианың негізгі принциптері жөніндегі жобаны жүзеге асыра бастағандағы жоспарларымызға сәйкес, 2021 жылдың алғашқы екі айында біз Қазақстандық Медиа Желі қоғамдық бірлестігін (орыс тілінде: общественное объединение "Казахстанская Медиа Сеть"; ағылшын тілінде: Public organization "Kazakhstan Media Network") тіркеуден өткіздік.

Қоғамдық бірлестік құрылтайшыларының арасында университет оқытушылары, журналистер, байланыс саласының мамандары, танымал медиалардың редакторлары бар. Біз үшін бірлестік қызметін жүзеге асыру - маңызды әрі жауапты іс, сол арқылы біз заман ағымына сай медианың негізгі принциптерінің шеңберінде қазақстандық журналистиканың алдында тұрған өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылауға арналған бірыңғай алаң құруды көздейміз.

Ұйымның өзара байланысты мақсаттарының ішінде біз журналистика факультеттеріне арналған бірыңғай оқу-әдістемелік бағдарлама әзірлеу, сондай-ақ еліміздің сегіз аймағына сапар шегуді таңдадық. Онда этикалық нормалар мен ережелерді сақтаудың қаншалықты маңызды екендігі, кәсіби біліктілігін арттыру арқылы журналистер әзірлейтін контенттерін жақсартып қана қоймай, қоғамның сенімін қайтарып, болуы ықтимал сот процестерінің алдын алатыны туралы пікірлесеміз.

Біз қоғам мен кәсіпқойлардың қолдауы мен белсенділігіне үміттенеміз. Ал өз кезегімізде Қазақстандағы медианың деңгейін көтеру үшін аянбай еңбек етеміз.

Құрметпен,
Қазақстандық Медиа Желі.

Photo by Chang Duong on Unsplash
Made on
Tilda