9 сәуір 2023 жыл
№8 ⠀
Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің төрағасы Жұлдыз Әбділда, орынбасары Оразай Қыдырбаев, комитет мүшелері Олжас Әбдіхалық, Мейрамхан Жәпек, Руслан Никонович, Ольга Чебакова, Диана Окремова, Ирина Савельева қатысқан отырыста Өскемендегі және Қызылордадағы жасөспірімдер арасындағы төбелестің видеосын тарату және осы оқиғаларға байланысты ақпараттарды жариялау мәселесі қаралды. ⠀
Жұлдыз Әбділда: Ахметбек Нұрсила сияқты жазылушысы көп адамның баланың бетін жасырмай, оны ұрып-соғып, шешіндіріп жатқанын, жалаңаш денесін ашық жариялауы ешқандай рамкаға сыймайды. Бұл сол балаға екінші рет зорлық көрсеткенмен тең. Оның үстіне, қазір бұл видео қолдан -қолға тарап кетті. Қазалыдағы соққының астында жатқан баланың видеосы да өте ауыр. ⠀
Ирина Савельева: Мұндай вирус видеолар таралымды көбейтеді, танымалдықты арттырады. Балаларға қауіп төндіріп қана қоймай, тағы да осындай оқиғалардың болуына жол ашады. Баланың бетін жасырып болса да жариялаудың қажеті жоқ деп санаймын. Мұндай мазмұндағы видео пайда болса, оны бірден құзырлы органдарға жолдаған жөн. Ал журналистер зерттеп, нақты құқық қорғау органдарымен жұмыс істесе, сол тиімді. Ол балалардың тағдыры онсыз да қиын жағдайда, оларға одан бетер соққы жасаудың қажеті жоқ. ⠀
Мейрамхан Жәпек: Өскемендегі зорлық-зомбылықты таратқан адамдарға шара қолдану керек деп санаймын. Қазалыдағы аяусыз төбелесті депутат Қазыбек Иса да бөлісті. Мұны да қарастырған жөн. ⠀
Олжас Әбдіхалық: Қандай қылмыс болса да, оны жазалайтын журналистер емес, құқық қорғау органдары. Біз тек соған ықпал етуіміз керек. Психологиялық, моральдық жағынан ауыр осындай видеоларға белгілі бір шектеулер қажет деп санаймын. ⠀
Руслан Никонович: Мұндай видеоны таратудан келетін зиян көп екенін түсінетіндер мұндайды «шындық» деп түсініп, «хайп» пен ақпарат беруді шатастырып отырғандардан көп. Оқиға туралы айтқанда билікті адекват шешім қабылдауға, зорлық көрсеткендерге қатысты уақытылы шара көруге шақыру керек. Ал қазір видео басқа мақсатта тарап кетті. ⠀
Оразай Қыдырбай: Ең алдымен, жарияланған контент ешкімге зиянын тигізбеуі керек. Контентте көрсетілген тұлғаға да, контентті жариялаған адамға да, оны көргендерге де зияны болмауы керек. Ал қазіргі таралған видеолардан байқайтынымыз, контентте жарияланған адамдардың жеке деректері ашық. Жапа шеккен адам әрі қарай да зардап шеге береді. Оған қоса, видеоны жариялаған адамдар мұнда қатігездік, аяусыздық бар екенін көрсететін ескерту дисклеймер қойған жоқ. Кейбір адамдар оны басқа мазмұндағы видео деп ойлап ашуы мүмкін. Видеоны асқан жауапкершілікпен жариялау керек еді, тіпті өзін жарияламай, ондағы оқиғаны ғана сипаттап айтуға болар еді. ⠀
Қоғамдық комитет:
1. Медиаға зорлық, күш көрсету, интимдік сипаттағы видео мен фотоны таратпауды ұсынады. Ол үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы – «Жеке өмірге қол сұғу» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін екенін ескертеді. Оның үстіне, бұл екі оқиғада да кейіпкерлер жасөспірімдер болғандықтан, аса мұқият болуды ұсынады.
2. Бұлай ашық жариялау видеодағы жасөспірімдердің өмірін қатерге тігеді, олардың бұдан әрі қарай да буллингке немесе кибербуллингке ұшырауына жол ашады. Осы видеоларды бөлісе отырып, қоғам белсенділері, журналистер немесе басқа да азаматтар балалар құқығын аяққа таптады. ⠀
Шешім бірауыздан қабылданды. ⠀
Төраға Жұлдыз Әбділд