ҚазМедиаЖелі: ұйымның жаңалықтары

Баспасөз релизі: Қазақстанда медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитеті құрылады.

«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитетін құру мәселелеріне арналған ашық онлайн-конференциялардың топтамасына қатысуға шақырады. Өзін-өзі реттеу редакциялық тәуелсіздікті сақтауға көмектесіп, қатаң заңнамалық реттеу қажеттілігін төмендетеді.  

Қазір этиканы бұқара арасында кеңінен таратып, жас журналистерді оқыту және бұрыннан жұмыс істеп жүргендердің біліктілігін арттыру ісіне тың тәсілдер енгізуді талап ететін жаңа міндеттер мен технологиялық өзгерістер пайда болды.  

2021 жылдың 22 маусым - 22 шілде аралығында, күн сайын Алматы уақытымен сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін "Медиа қауымдастықтың Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитетін құруға арналған ашық конференциясы" өтеді.

Медиа саласына бейжай қарамайтын, кәсіби білікті мамандарды қолдап, дамыту және аудиторияның журналистикаға деген сенімін қайтару қажет деп санайтындарды конференцияға қатысуға шақырамыз. Әрқайсыларыңыз Қоғамдық комитетттің жұмысына араласатын кез-келген журналист, редактор, медиамаман немесе  медиасарапшының кандидатурасын ұсына аласыздар. Өзін-өзі ұсынуға болады.  

Кандидатты сілтеме арқылы ұсынуға болады:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc-Na9S6Yc22It6bbYmxUjWGLMCoYGfc_oFY9Po0AQIURcQBg/viewform?edit2=2_ABaOnufQRnb54vutlvReos2-EtF3PWscxA1AZ-hioHsooffGLIsU0pWFhDbXc785vg

Қоғамдық комитетті құру жөніндегі жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады:

Өтінімдерді онлайн қабылдау. Қоғамдық комитеттің 9 мүшесінің алтауы медиа саласының өкілі, қалған үшеуі өзге шығармашылық мамандық иелері бола алады: суретшілер, актерлар, музыканттар немесе зейнеттегі белсенді азаматтар.Конференцияға қатысушыларға кандидаттарды ұсынуға арналған форманың сілтемесі қолжетімді болады.  

Ашық дауыс беру. 12 шілдеге дейін кандидаттар тізімі жинақталып, дауыс беру парағы жасалады, алдыңғы конференция, кездесу, тренингке қатысқан адамдарға дауыс беру парағына сілтеме ұсынылады. 12-22 шілде күндері конференцияға қатысып, дауыс беру парағына сілтеме алуға болады.

22 шілде күні дауыс беру Алматы уақытымен 24.00-ге дейін жалғасады.  Бұдан кеш түскен дауыстар есепке алынбайды.
23 шілдеде Қоғамдық комитеттің ұйымдастыру тобы басым дауысқа ие болғандардың ішінен 9 адамды анықтайды,  оның ішінде 6 адам «медиа» номинациясы, 3 адам «қоғамдық ұйым" аталымы бойынша.

Бұдан бөлек, ашық конференцияда қосымша ақпарат алуға немесе төмендегі тақырыптар бойынша пікірге сұрау салуға болады:

1. Медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитеті туралы Ережені талқылау;
2. Медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитетінің мүшелерін сайлауға кандидат ұсыну;

Бұдан бөлек сіздер негізгі принциптер туралы көп ақпарат алып, медиаэтика жайлы сұрақтар қойып немесе талап-тілектеріңізді қалдыра аласыздар.

Сіздерді Zoom-да күтеміз!

Осынау тарихи оқиғадан қалыс қалмаңыздар: Қазақстанда алғаш рет медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитеті құрылып жатыр! 

БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ:
Жоба жетекшісі Ольга Настюкова +7-707-7000-439
Телефон: +7 777 213 13 67
Email: media.principles.kz@gmail.com

КЕСТЕ

Тақырып: "Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитетін құру жөніндегі ашық конференция"

Уақыты: 22 - 25 маусым 2021 жыл, Алматы уақытымен күнделікті сағат 17.00 мен 21.00 аралығы / Ережені талқылау
 28 маусым - 12 шілде 2021 жыл, Алматы уақытымен күнделікті сағат 17.00 мен 21.00 аралығы /кандидаттарды ұсыну
12 шілде - 16 шілде 2021 жыл, Алматы уақытымен сағат 17.00 мен 21.00 аралығы / дауыс беру
19 шілде - 22 шілде 2021 жыл, Алматы уақытымен күнделікті сағат 17.00 мен 21.00 аралығы /дауыс беру/сайлау қорытындысы

Zoom конференциясына қосылу үшін
https://us02web.zoom.us/j/83978298777?pwd=S2QvcEFDV3B3Slg1ZWlzeWRTTGNTUT09

Конференция идентификаторы: 839 7829 8777
Кіру коды: 2131367

*Кіріңіздер, қатысыңыздар, Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитетінің алғашқы құрамына мүше болуға кандидаттарды ұсыныңыздар, дауыс беріңіздер және таңдаңыздар!*                                                                    

Толығырақ https://mediaprinciples.kz сайтында



Made on
Tilda