«ҚазМедиаЖелі» қоғамдық бірлестігі Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссия қолдауымен медиаэтикадан қазақ тілді тренерлерді дайындау бойынша жобаны жүзеге асыруда. ⠀
Тренерлік шеберлік дағдылары, медиаэтиканы бұзу жағдайларына қатысты кейстерді талқылаудағы SPJ АҚШ кәсіби журналистер қауымдастығының тәжірибесі, медианың базалық принциптерін негізге ала отырып қазақстандық медианы өзін өзі реттеу Қоғамдық комитет жұмысының тәжірибесі - тренингтің негізгі тақырыптары. Бұдан басқа Қазақстанның әр түкпірінен келген қатысушы журналистер, редакторлар, журналистика факультетінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, өз практикасында кездескен қызықты кейстер туралы әңгімеледі.
Басты тренер - SPJ АҚШ кәсіби журналистер қауымдастығының бұрынғы президенті Lynn Kathryn Walsh болды. Екінші тренер - «ҚазМедиаЖелі» ҚБ құрылтайшысы, танымал медиа тұлға Есенгүл Кәп.
Қатысушылар тренинг жүргізудің құралдарымен танысты, медиаэтика бойынша өз бағдарламаларын құруды үйренді. Тренингтің келесі кезеңінде қатысушылар өз аймақтарында медиаэтика бойынша журналистерге, студенттерге және жергілікті медиа аудиториясына арнап тренингтер өткізеді. Ол жерде медианы өзін өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитеттің жұмысы туралы айтады. Сонымен қатар этикалық принциптер бұзылған жағдайда қайда хабарласуға болатынын айтып береді. Этикалық принциптермен mediaprinciples.kz жобасының сайтынан танысуға болады. ⠀
«Қалай десек те, біздің қазіргі инфодемия ғасырында тек медиаэтика ғана сапалы және кәсіби журналистиканы қайта жандандыра алады. Ал жауапкершілігі жоғары журналистика - фейктерден, манипуляциялардан, зорлық - зомбылық пропагандасының ықпалынан, хейтспичтен қорғай отырып, қоғамның дамуына әсер ете алады. Адам құқығын қорғау, ақылы материалдарды таңбалау, ақпаратты тексеру - бұл этикалық принциптердің тек бар бөлігі ғана. Ең бастысы - ешкімге зиян келтірмеу үшін хайпсыз ақпарат беру. Бұдан әрі де біз заманауи журналистика үшін қажетті дағдыларды, менторлық практиканы және журналистикадағы тәлімгерлікті кеңінен енгізе береміз», - дейді «ҚазМедиаЖелі» ҚБ жетекшісі Бақтыгүл Бурбаева.