Кандидаттар тізімінде 17 адам, оның ішінде 14 үміткер медиа саласының өкілдері және 3 адам азаматтық сектор өкілдері (ақпараттық дауларды шешу ісінде тәжірибесі бар заңгерлер, қоғам қайраткерлері) бар. Көпшілік олардың ішінен ашық дауыс беру арқылы 9 адамды таңдайды (барлық кандидаттың лауазымдары мен регалиялары көрсетілген тізім - құжаттың соңында).
Медиа: Қанат Сахария, Светлана Офицерова, Риза Исаева, Руслан Бахтигареев, Руслан Никонович, Ербол Азанбек, Жұлдыз Әбділда, Мейрамхан Жәпек, Азамат Ахметов, Ирина Тетерина, Ержан Сулейменов, Әбдіхалық Олжас, Оразай Қыдырбаев.
Азаматтық сектор: Темирлан Тулегенов, Диана Окремова, Ольга Чебакова, Баглан Макулбеков.
Дауыс беруге сілтеме:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSclQ-yhdYDEdzvMzSZiz3Azixp7VrC8mP3v9I6K8tGk3e0UFw/viewform
Дауыс беру қалай жүзеге асады?
Қоғамдық комитет құрамына 9 адам енеді. Әрбір дауыс беруші екі маманды — "медиа" саласынан бір үміткерді және "азаматтық сектордан" бір адамды таңдайды.
Дауыс беру бейсенбінің түні, 22 шілдеге дейін жалғасады. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24.00-ден кейін түскен дауыстар есепке алынбайды.
23 шілдеде қоғамдық комитетті құру жөніндегі бастамашыл топ көпшіліктің дауысы бойынша ең көп балл жинаған 9 адамды анықтайды, оның ішінде 6 кандидат "медиа" аталымы, 3 адам "қоғамдық ұйымдар" номинациясы бойынша іріктеледі.
Қоғамдық комитет қалай жұмыс істейді?
Медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі ұйымдар әлемнің көптеген елінде бар. Бұл сарапшылардың әлдебір БАҚ немесе журналистің әрекетіне қатысты түскен шағымдарды қарастыратын диалог алаңы, қоғамдық бастама. Әлемдік тәжірибе даулы жағдайларға тәуелсіз бағалау алу үшін сотқа барғаннан сарапшыларға жүгінгеннің жеңіл екенін көрсетіп отыр.
Қазақстандық қоғамдық комитет жұмыс барысында медианың негізгі принциптеріне сүйенеді. Комитеттің міндеті — дауларды сотқа жеткізбей реттеу, кәсіби біліктілікті арттыру, БАҚ беделі институтын құру. Жұмыс принциптері туралы толығырақ Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі Қоғамдық комитетінің ережесінен оқуға болады.
Медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитетіне кандидаттар тізімі («Медиа»):
- Вячеслав Абрамов, Vlast.kz бас директоры.
- Светлана Офицерова, Қостанай облыстық «Учительская плюс» газетінің бас редакторы.
- Риза Исаева, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті халықаралық қатынастар факультетін саясаттану мамандығы бойынша аяқтаған. KIMEP-тің журналистика магистрі. Медиасыншы, медиатренер.
- ҚанатСахария, «MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ЖШС-ніңбасдиректоры.
- Ербол Азанбек, «Kaspi Bank» АҚ БАҚ-пен байланыс басқармасының басшысы, журналист, медиаэксперт.
- Руслан Бахтагереев, «Время» газеті бас редакторының орынбасары.
- Жұлдыз Әбділда - «Ұлан» газеті бас редакторының орынбасары.
- Руслан Никонович, "Жаңа FM" радиосы және «Новое телевидение» телекомпаниясының бас редакторы.
- Мейрамхан Жәпек - Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ҰҒО АҚ Бұқарамен байланыс бөлімінің басшысы.
- Азамат Ахметов - Павлодар университеті әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасының түлегі (екінші жоғары білім 2018ж.).
- Ирина Тетерина, журналист, редактор, «Informburo.kz» бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.
- Әбдіхалық Олжас, «Жаңа Түркістан» газетінің бас редакторы.
- Ержан Сүлейменов, қазақстандық медиа продюсер және тренер.
- Оразай Қыдырбаев, Сулейман Демирел атындағы университеттің аға оқытушысы, медиа зерттеуші.
"Азаматтық сектор" «гражданский сектор», басқа шығармашылық мамандықтары, заңгерлер:
- Ольга Чебакова - "Волонтеры Кызылорды" қоғамдық қорының жетекшісі.
- Темирлан Тулегенов - Темірлан Төлегенов, авторлық құқық бойынша эксперт.
- Баглан Макулбеков - Жоғары соттың отставкадағы судьясы.
- Диана Окремова - Құқықтық медиа орталық директоры, медиа саласындағы заңнаманы жасауға қатысады, баспасөзді мемлекеттік қаржыландыруға мопиторинг жасайды, ақпаратқа қол жеткізу, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар және БАҚ арасында тиімді байланыс орнату мәселесімен айналысады.
Байланыс үшін:
Жоба жетекшісі Ольга Настюкова +7-707-7000-439
Телефон: +7 777 213 13 67 Бақтыгүл Бурбаева
Email: media.principles.kz@gmail.com