ҚазМедиаЖелі: ұйымның жаңалықтары

Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің қылмыс әлемінің жаңалықтарын адамның ұлтын көрсете отырып таратуға қатысты мәлімдемесі

Алматы қ. 11 ақпан 2023 жыл
№8

Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің төрағасы Жұлдыз Әбділда, орынбасары Оразай Қыдырбаев, комитет мүшелері Олжас Әбдіхалық, Мейрамхан Жәпек, Руслан Никонович, Ольга Чебакова, Диана Окремова қатысқан отырыста қылмыс әлемінің жаңалықтарын адамның ұлтын көрсете отырып жариялау мәселесін қарады.

Қоғамдық комитет:

1. Жарияланымның жалпы контексінде айтарлықтай маңызы болмаса, адамның ұлтын астын сыза айту этикаға жатпайтынын еске салады.

2. Мемлекеттік органның ресми хабарламасы негізінде ақпарат таратқанның өзінде де, этика принципін сақтап, мақаланың тақырыбына адамның ұлтына, дініне, азаматтығына қатысты мәліметті шығарудың қажеті жоқ деп санайды. Бұл аудиторияның қоғамның белгілі бір топтарына деген теріс көзқарасын қалыптастыруы мүмкін.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Төраға
Жұлдыз Әбділда
Made on
Tilda