Дауыс беру 13 шілдеде басталып, 22 шілде күні сағат 24.00-де аяқталды. Барлығы 17 кандидат ұсынылып, оларға 254 адам дауыс берді. Қоғамдық Комитет құрамына 9 адам кірді.
Ашық дауыс берудің мәліметтері бойынша, басым дауысқа "Ұлан" газеті бас редакторының орынбасары Жұлдыз Әбділдә, "Новое телевидение" телеарнасы мен "Жаңа FМ" радиосының бас редакторы Руслан Никонович, медиапродюсер және тренер Ержан Сүлейменов, Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" қазақ мәдени орталығы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Мейрамхан Жапек, SDU аға оқытушысы, медиа зерттеуші Оразай Қыдырбаев, "Время" газетінің күнделікті шығарылымы редакторының орынбасары Руслан Бахтигареев, құқықтық медиа орталықтың директоры Диана Окремова, авторлық құқық жөніндегі сарапшы Темірлан Төлегенов, ақпараттық дауларды шешуде тәжірибесі бар отставкадағы судья Бағлан Мақұлбеков ие болды.
Дауыс беруге Семей, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Көкшетау, Орал, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған, Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары қатысты.
Дауыстар төмендегідей бөлінді:
ҮЕҰ бюллетеньдері бойынша
Диана Окремова - 132 дауыс
Темірлан Төлегенов - 76 дауыс
Бағлан Мақұлбеков - 32 дауыс
Ольга Чебакова - 14 дауыс
(Барлығы 254 дауыс)
«Медиа» бюллетеньдері бойынша
Жұлдыз Әбділда - 42 дауыс
Руслан Никонович - 38 дауыс
Ержан Сүлейменов - 29 дауыс
Мейрамхан Жапек - 26 дауыс
Оразай Қыдырбаев - 23 дауыс
Руслан Бахтигареев - 22 дауыс
Ербол Азанбек - 19 дауыс
Әбдіхалық Олжас - 15 дауыс
Канат Сахария - 15 дауыс
Ирина Тетерина - 11 дауыс
Светлана Офицерова - 7 дауыс
Азамат Ахметов - 4 дауыс
Риза Исаева - 3 дауыс
(Барлығы 254 дауыс)
Дауыс берудің нәтижелері 2021 жылдың 23 шілдесінде ZOOM-дағы онлайн-конференцияда жарияланды. Оған қазақстандық журналистер, редакторлар, журналистика факультеттерінің оқытушылары, жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты адамдар — медиасыншылар қатысты. KazMediaNetwork ұйымының атқарушы директоры Бақтыгүл Бурбаева жұмыс комитетінің алғашқы құрамын құттықтады:
"Осы құрамды құттықтаймыз! Жуырда біз ZOOM-да жалпы кездесу өткізіп, алдағы жұмысты талқылаймыз. https://mediaprinciples.kz сайтында қоғамдық комитет мүшелерінің тізімі және қоғамдық комитет қызметіне жүгіну тәртібі көрсетілген бөлім пайда болады. Біз этикаға қатысты істерден бөлек, көпшілікті бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі принциптері туралы хабардар етуді жалғастырамыз. Университеттерге этикалық нормалардың негізін білетін жас мамандар, журналистерді даярлауға көмектесеміз", - деді KazMediaNetwork ұйымының атқарушы директоры Бақтыгүл Бурбаева.
Конференцияға қатысушылар пандемия кезінде балалар мен жасөспірімдер арасында мультимедиялық құралдарға деген қызығушылық пайда болғанын атап өтті. Тек жұмыс істейтін журналистерге ғана емес, болашақ мамандығын таңдап жүргендерге де назар аудару қажеттігі туралы ұсыныс айтылды. Жазушы, журналист және "Дружные ребята" балалар газетінің редакторы Ольга Гумирова қазіргі кезде медиа сауаттылықты мектеп қабырғасынан бастап меңгеру керек дейді.
"Дружные ребята" редакциясынан көптеген журналистика жұлдызы өсіп шықты. Өздеріңіз білетіндей, тіпті бізде, 9-10 сыныпта оқитын балалардың тапқан қаламақылары болды. 90-жылдары бұл отбасыға жақсы көмек болды. Қазір біз бұндайға жол бере алмаймыз, бірақ әлі де талантты балалармен жұмыс істеп жүрміз. Олар журналистикаға келу туралы жоспарлары бар екендігін жазады. Бұл балалар ерте қадам жасайды және қадамдары сәтті болады", - деді Ольга Гумирова.
"Менің ойымша, бұл мәселелер өте маңызды. Медиа сыншы ретіндегі тәжірибеге ие бола отырып мен медиаэтиканы дәріптеу қажеттілігін түсінемін және әрқашан сіздерді қолдаймын", - деді медиатренер Риза Исаева.
Дауыс берген 254 адам кім?
—Қазақстанның 98 медиасынан 153 журналист пен редактор
—27 фрилансер
—уақытша жұмыспен қамтылмаған 11 әріптес
—2 SMM маманы
—медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың 11 өкілі
—мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің 13 өкілі, сондай-ақ бір әскери, бір мұғалім, бір балабақша тәрбиешісі, бір мемлекеттік қызметкер өз лауазымын дәл көрсетпеді.
—13 медиасарапшы, медиатренер және коммуникация мамандары
—журналистика кафедрасының 14 студенті
—елдегі 7 университеттің 10 өкілі
Барлығы 254 дауыс
БАЙЛАНЫС ҮШІН:
Жоба жетекшісі Ольга Настюкова +7-707-7000-439
Телефон: +7 777 213 13 67
Email: media.principles.kz@gmail.com