ҚазМедиаЖелі: ұйымның жаңалықтары

Журналистерге арналған Қостанайдағы тренинг

12 мамырда Қостанай өңірлік университетінде «Қазақстандық Медиа Желі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Журналистика және коммуникация менеджменті» кафедрасының оқытушылары мен студенттері, университеттің Медиа орталығының мамандары және аймақтық БАҚ журналистері қатысқан БАҚ этикасы және редакциялық саясат тақырыбында тренинг өтті.

Семинар-тренингтің спикерлері - Вячеслав Половинко, ресейлік «Новая газета» сайтының редакторы және қазақстандық медиа сарапшы Бақтыгүл Бурбаева.

Олар журналистиканың негізгі қағидаларын, суицидті, қорқытып-үркітуді жариялаудың этикалық жағын, сондай-ақ бүгінгі таңда болып жатқан «ақпараттық соғыс» тақырыптарын айтып, шынайы ақпаратты фейктен қалай ажыратуға болатынын түсіндірді.

Сонымен қатар, Сулейман Демирел университетінің оқытушысы, журналист, өнертанушы, филология ғылымдарының кандидаты Есенгүл Кәпқызы Zoom арқылы байланысқа шығып, қазақстандық журналистиканың бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды.

Тренинг соңында іс-шараға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері мен студенттер естелік сыйлықтар және сертификаттармен марапатталды.

Made on
Tilda