ҚазМедиаЖелі: ұйымның жаңалықтары

Kazakhstan Media Network: жылды қорытындылаймыз

"Қазақстандық Медиа желі/KazMediaNetwork" қоғамдық бірлестігі 2021 жылды қорытындылайды.

Тура бір жыл бұрын медианың негізгі принциптері және БАҚ өзін-өзі реттеу жөніндегі органы туралы ережені әзірлеу бойынша жұмыс тәмамдалды. Құжат ұсынымдық сипатқа ие, аудиторияға сапалы және сары баспасөз арасындағы айырмашылықты анықтауға және этиканы бұзу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді. Аталған жұмысқа белгілі медиа тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары, бас редакторлар мен журналистер қатысты.

Медиа жұмысының негізгі принциптері туралы талқылауға республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты, Қазақстан университеттерінің журналистика факультеттері мен кафедраларында журналистикадан дәріс береткн оқытушыларының қоғамдастығы да үн қосты. Студенттер онлайн конференцияларға белсене қатысып, журналистиканың сапалы болуы үшін түсінікті және заманауи этикалық ережелердің қажеттілігі жайлы баяндады. "Медиаэтика" тақырыбындағы медиа эссе байқауына Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының 60 астам студенті қатысты.

Бір жыл ішінде медианың негізгі принциптерін (медиа қоғамдастықтағы белгілі пікір көшбасшысы, ҚР Президенті жанындағы ҚСҰК мүшесі, марқұм әріптесіміз Михаил Дорофеевтің редакциясымен әзірленген) медиа қоғамдастықтың 473 өкілі, оның ішінде журналистер, редакторлар, фрилансерлер мен медиасараптаушылар қолдады.

2021 жылы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі Қоғамдық комитетінің құрылуы дамудың жаңа қадамы болды. Бұл әлемде кең таралған тәжірибе - мұндай кеңестердің немесе комиссиялардың мүшелері медиаэтиканың бұзу фактілері бойынша БАҚ-қа түскен шағымдарды сот талқылауларына жеткізбей реттейді. Кеңес шығарған шешімнің заңдық күші жоқ, бұл екі тараптың пікірлерін айтып, сарапшылардан кеңес алатын медиация алаңы. Қазақстанда қоғамдық комитет құру туралы бастаманы еліміздің медиа қауымдастығы көтерді. Кеңес мүшелігіне кандидатураларды ұсыну және Комитеттің бірінші құрамын сайлау онлайн режимде ашық түрде өтті, сайлауға медиа қауымдастықтың 254 өкілі, сондай-ақ басқа да салалардың бірнеше өкілі қатысты. Қоғамдық комитеттің алғашқы отырыстары зорлық-зомбылық пен суицид тақырыптары туралы ақпарат тарату мәселелері кеңінен талқыланған кезеңде өтті. Біздің сарапшылар біздің сайтта жарияланған ұсыныстарын берді.

Kazakhstan Media Network медиаэтикаға арналған вебинарлар сериясын өткізді. Қатысушылар медианың өзін-өзі реттеу мәселесінің шетелдік тәжірибесімен (Жапония, Қырғызстан, Украина, Ресей, Литва) танысты.
Суицид туралы ақпарат тарату мәселесі өзекті. Қазақстанда бұл тақырып заңмен реттелмейді. Әр редакция әдеп туралы өз түсініктерін басшылыққа ала отырып, материалдар әзірлейді. Зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарына қатысты тақырыптарды жария ету кезінде, сондай-ақ суицидтер туралы ақпарат беру кезінде этикалық принциптерді бұзу қоғамдық комитет отырыстарындағы ең өткір тақырыптардың бірі болды. Қазақстандық медиа қауымдастық үшін сарапшылар - Литва журналистердің Әдеп жөніндегі омбудсмені Гражина Раманаускайтеменжәне психология магистрі, Just Support (Қазақстан) қорының атқарушы директоры Светлана Богатыревамен кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды.
Келесі жылы медиаэтика мәселелері бойынша студенттерден бастап жұмыс істеп жүрген журналистерге, журналистика кафедрасының оқытушыларына және баспасөз қызметінің қызметкерлеріне де арналған оқыту тренингтерін өткізу жоспарланған. Формат (офлайн немесе онлайн) елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Сілтемедегі сайтқа өту арқылы әрқашан медианың негізгі принциптерімен танысып, қолдау көрсете аласыз: https://mediaprinciples.kz/basicprinciplesdocument немесе сілтемедегі қарапайым нысанды толтырып, этикалық қағидаларды бұзу туралы өтініш бере аласыз: https://mediaprinciples.kz/self-regulation-committee/submit-application

Байланыстар:
Жоба жетекшісі Ольга Настюкова +7-707-7000-439
Бақтыгүл Бурбаева, атқарушы директор +7 777 213 13 67
Email: media.principles.kz@gmail.com
Made on
Tilda