КазМедиаСеть: новости организации

БІЛІКТІЛІК ПРИНЦПТЕРІ

Адамзаттың, оның ішінде медиа саласында қызмет атқарып жүрген мамандар бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып келетін кәсіби этиканың маңыздылығын жақсы түсінеді. Қазақстанда да осы мәселенің назарға алынып, шешімді жолдарының алға тартылуы қуантарлық жайт. Мәселен, өткен жылы қазақстандық Медиа Альянс өкілдері еліміздегі медианың негізгі принциптерін жасау мен енгізу идеясын ұсынған болатын. Осы тақырып жоба шеңберінде «Қазақстан медиа желі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Қазақстандағы медианың негізгі прициптері» деп аталатын құжат ретінде дүниеге келді.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы журналистік этика кодексінде бекітілген этикалық стандарттарға негізделген бұл құжатта қазақстандық редакциялардың жұмысына қойылатын негізгі принциптер бекітіледі.

Қазақстандағы медианың негізгі принциптерінің өзекті болуы мен үшін де өте маңызды. Әсіресе, инфодемия жағдайындағы ақпаратты тұтынушы халықтың медиаға деген сенімнің жоғалуы медиа қызметкерлерінің бәрін алаңдатады деп ойлаймын. Осы орайда, «Қазақстан медиа желі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі ретінде жуырда алғашқы болып Шымкент қаласы мен Түркістан қаласына сапар шеккеніміз туралы айтқым келеді. Басты мақсатымыз – Оңтүстік өңіріндегі медиа саласымен байланысты ортаны Қазақстандағы медианың негізгі принциптерінен хабардар етіп, құжатпен таныстыру, оның басымдылықтарын насихаттау болатын. Кездесу барысында, медиаэтикаға деген қызығушылықтың бар екеніне, әсіресе Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Қожа Ахмед Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім алушылары заманмен бірге, білім алушы аудиториясының бірге өзгеріп келе жатқанын, медиадағы этикалық кодекстің сақталуы мен қабылданған принциптерге сүйене отырып, сапалы контент жасауға дайын екенін таныта білді.

Медиа қандай да бір мемлекеттік немесе қоғамдық институттарға тәуелді болмай, кәсіби мәдениетті сақтап, сапалы материалдар жасауға ұмтылатын болса – көп ұзамай Қазақстандағы медианың жағдайы одан да жақсарады деп ойлаймын.

Photo by Windows on Unsplash
Made on
Tilda