Ербол Азанбек пен Бағлан Мақұлбеков әртүрлі себеппен комитет жұмысына қатыспауына байланысты комитет құрамынан шығарылды.
Медиа тізімі бойынша келесі болып тұрған Ирина Тетерина (Савельева) – журналист, редактор, қазір Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінде істейді. ҮЕҰ бойынша орын сақталады, себебі тізім бойынша әрі қарай ешкім жоқ.
Қоғамдық комитеттің жаңа құрамын сайлауға дейін төрт ай қалғанын еске саламыз. Үміткерлерді ұсыну 23 маусым күні онлайн басталады, бұл туралы сілтеме Медиадағы негізгі принциптерді қабылдау меморандумына қол қойғандарға және 2021 жылы Медианың өзін-өзі басқару жөніндегі қоғамдық комитетінің алғашқы құрамына дауыс беруге қатысқандарға жіберіледі. Медианың өзін-өзі басқару жөніндегі қоғамдық комитетінің екінші құрамына үміткерлер ұсыну сілтемесі әдеттегідей mediaprinciples.kz сайтында және комитеттің әлеуметтік желідегі аккаунттарында жарияланады.
Комитеттің ережесі бойынша, бұрынғы құрамнан төрт адам жаңа құрамға да ұсынылады, одан кейін комитеттің қалған 5 мүшесін таңдау үшін дауыс беріледі. Олардың үшеуі медиа саланың өкілі, яғни журналист, редактор, медиа маман болуы керек, ал екеуі басқа саладағы ҮЕҰ мүшесі болуы керек.
Үміткер ұсынуға сан жағынан шектеу жоқ, комитет ққұрамына ең көп дауыс жинағандар кіреді. Екінші құрамның жұмысы 2023 жылдан 2025 жылға дейін екі жылға созылады.