Заявления кз

Қоғамдық комитеттің №2 мәлімдемесі

Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі

 қоғамдық комитеттің медиадағы

бала құқығы мәселесі бойынша мәлімдемесі

Алматы қ-сы                                                                                               29 қазан 2021 жыл

№ 2

Комитет төрайымы Жұлдыз Әбділда, Ержан Сүлейменов (Комитет төрайымының орынбасары), Комитет мүшелері Диана Окремова, Мейрамхан Жәпек, Оразай Қыдырбаев, Руслан Никонович және Руслан Бахтигареев қатысқан Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің онлайн отырысында балалар құқығын медиада көрсету мәселесі қаралды.

Қоғамдық комитет:

1. Қазақстан медиа кеңістігінде қайғылы жағдаяттар мен зорлық-зомбылыққа қатысты оқиғаларды жариялау кезінде бала құқықтарын бұзу фактілерінің көптеп тіркелуіне алаңдаушылық білдіреді. Қатысушылар мына материалдар: https://baigenews.kz/news/suitsid_shkolnika_prokommentirovali_v_nish_almaty/

https://exk.kz/news/112522/dusha-kompanii-i-lieghienda-tantspola-kakim-byl-poghibshii-uchienik-nish https://www.nis.edu.kz/ru/press-center/news/?id=9715

https://365info.kz/2021/10/uchenik-nish-sovershil-suitsid-posle-besedy-s-psihologom

https://365info.kz/2021/10/otets-pogibshego-uchenika-nish-obratilsya-k-kazahstantsam

медиа қызметінің негізгі қағидаттарының 2-бөлімінің 2.1 тармағында “Редакция ақпарат көзі ретінде балалармен, зорлық-зомбылық және басқа да заңсыз әрекеттермен байланысты оқиғаларға қатысқан балалармен қарым-қатынас жасауда ерекше қамқорлық көрсетеді. Кәмелетке толмағандардың аты-жөнін және олардың жеке басын анықтауға болатын басқа да деректерді жарияламайды” деп жазылған журналистік этика нормаларын, сондай-ақ медианың базалық принциптерінің 2.2-2.5 тармақтарын бұзады деген пікір білдірді.

2.  Медианың кликбейт тақырыптар қоймауын, сондай-ақ жасөспірімдер суициді тақырыбын көрілім жинау құралы ретінде пайдаланбауын ұсынады.

3.  Ақпарат көзі ретінде әлеуметтік желілерді пайдалану - қылмыстық қудалау ықтималдығын арттыратынын медиа қызметкерлерінің есіне салады

4.  Шақырылған сарапшы тарапынан

Комитет мүшелері медиа-заңгер Гүлмира Біржанованың медиа кеңістіктегі балалар құқығы тақырыбына қатысты пікірімен танысты:

«НЗМ-дағы қайғылы жағдайға келер болсақ, журналистерге баланың бейнесін пайдалануды, тұрғылықты жерін көрсетуді ұсынбаймын. “БАҚ туралы” заңда балаларды медиа кеңістікте қорғау қарастырылған, атап айтқанда 14-бапта “Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін: құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен баланың; әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты (заңды өкілдердің рұқсаты бар жағдайларды қоспағанда) таратуға тыйым салынады” деп жазылған. Бұл жерде, бәлкім, мәселенің құқықтық салдарын емес, этикалық жағын көбірек ойлау өте маңызды.
Балалардың куратормен әңгіме аудиожазбасын қолдану туралы. Мұғалімнің сөз тіркестерін цитаталау құқық бұзушылыққа жатпайды, өйткені ол қоғамдық қызығушылық тудырады және ол ақпаратты білуіміз керек. Сонымен қатар, аудиожазбада жеке өмір жайлы немесе пайдалану заң бұзушылық ретінде қарастырылуы мүмкін басқа да ақпарат жоқ.
Әлеуметтік медиадағы ақпаратты пайдалану. Журналистер «БАҚ туралы» Заңның 26-бабында шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында таратқаны үшін журналист жауапты емес жағдайлар қарастырылғанын есте ұстағаны жөн. Бірақ бұл тармақ ресми аккаунттардағы ақпаратты қоспағанда, әлеуметтік желілердегі ақпаратқа қолданылмайды».

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Комитет төмендегі мәлімдемені қабылдайды:

1. Тым эмоционал және шулы жаңалық тақырыптары, сондай-ақ балалар суицидін хабарлау кезінде қажетсіз бөлшектерге назар аудару аудиторияның белгілі бір санаттағы адамдарға қатысты стереотип және жаңсақ көзқарастарын қалыптастырады. Осыған байланысты Комитет журналистерге жасөспірімдер суицидіне қатысты кез келген ақпаратты мұқият пайдалануды, фактілер расталмай жатып асыға қорытынды жасамауға кеңес береді. Оның ішінде оқиғаларды болжамауды, егжей-тегжейге назар аудармауды ұсынады.

2.  Ұзақ мерзімді зерттеулер медианың хабарлауы мен балалар арасындағы суицид санының қысқа мерзімді өсуі арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетіп отыр. Оның үстіне, медиа сенсациялық репортажда нақты мәліметтерді көрсеткенде, балалардың өз-өзіне қол жұмсау әдістеріне еліктейтіні анықталған. Бұл құбылыс «Вертер эффектісі» (толқынға еліктеу) деп аталады. Австрияда балалар суициді туралы ақпаратты медиада жариялауға тыйым салғаннан кейін суицид саны шамамен 50% қысқарған. Бірқатар елде мұндай тақырыптағы жарияланымдарға заңдық және этикалық шектеулер қойылған. Осыған байланысты, Комитет медианың сенсациялық мәлімдемелерден аулақ болуын, асыра сілтемеуін, эмоционал сөздерді шамадан тыс қолданбауға тырысуын ұсынады.

3. Комитет журналистерді зорлық-зомбылық құрбаны болған немесе құқық бұзушылық жасады деп айыпталған балалар мен олардың отбасы мүшелерінің жеке деректерін жарияламауға шақырады. Бұл фотосуреттер, бейнелер және баланың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін кез келген ақпаратты жариялауға да қатысты. Балалар тақырыбын қамтудың негізгі қағидасы - зиян келтірмеу, сондықтан материалды жарияламас бұрын, мүмкіндігінше оның ықтимал салдары туралы ойлануға шақырамыз.

4. Біз журналистерді ЮНИСЕФ https://www.unicef.org/eca/ru/media/ethical-guidelines этикалық стандарттарын, сондай-ақ Халықаралық Журналистер федерациясы әзірлеп бекіткен балаларға қатысты мәселелерді хабарлау қағидаттарын ұстануға шақырамыз.

Балаларға қатысты мәселелерді хабарлау қағидаттары мен ұстанымдары

Халықаралық журналистер федерациясы

O    Журналистер міндетті:
O    балаларға қатысты тақырыптарды хабарлау кезінде дәлдік пен құпиялықтың ең жоғары этикалық және кәсіби стандарттарына қол жеткізуге ұмтылуға;
O    балалардың образын және фотосуреттерін жасай отырып, балалардың ақпараттық кеңістігіне оларға зиян тигізетін ақпаратпен енуден аулақ болуға;
O    Жарияланған журналистік хабарды насихаттап, көрілім арттыру үшін балаларға қатысты материалдарды стереотипті және сенсациялық хабарлаудан аулақ болуға;
O    балалар туралы кез келген материалды жариялаудың ықтимал салдарын мұқият өлшеп, оларға қауіп төну мүмкіндігін минимумға дейін азайтуға;
O    Қоғам қызығушылығына сай жағдайларды есепке алмағанда, балалардың визуалды немесе кез келген басқа әдістер арқылы идентификациялануынан аулақ болуға;
O    балалардың, мүмкіндігінше ешқандай сыртқы мәжбүрлеусіз, медиада өз пікірін білдіру құқығын қамтамасыз етуге;
O    балалардан алынған ақпараттың тәуелсіз тексерілуін қамтамасыз етуге және ақпарат ұсынған балаларға қауіп төнбеуі үшін ерекше сақтық шараларын қабылдауға;
O    балалардың сексуалды бейнелерінен аулақ болуға;
O    балалардың немесе жауапты ересек адамның, қамқоршының немесе тәрбиешінің келісімімен иллюстративті материалды алу үшін тек рұқсат етілген, ашық және шынайы әдістерді ғана қолдануға;
O    балалардың атынан әрекет етуді немесе олардың қызығушылығын қолдайтын кез келген ұйымның өкілеттігін тексеруге;
O    Баланың мүддесі үшін жасалғаны анық жағдаяттарды есепке алмағанда, балаларға, олардың ата-аналарына және асыраушыларына балалар мен олардың өмірі жайлы ақпарат бергені үшін ақы төлемеуге.
Бұл шешім консенсус арқылы қабылданды.

Төрайым,
Жұлдыз Әбділда
Made on
Tilda