Конференцияға қазақстандық журналистер, медиа жетекшілері, журналистика факультеттерінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Джун Огава хабар тарату сапасын жақсартуға және этикалық стандарттарды дамытуға көмектесетін коммерциялық әрі үкіметтік емес ұйым BPO-ның құрылу тарихын айтып берді.
"Жетілген қоғам этика талаптарын бұзу мәселелерін бақылайды. Хабар таратушылар қауымдастығы біздің комитеттердің жасаған ескертулеріне жауап береді. Біз — дауларды шешуге арналған медиация алаңымыз, бірақ "миниатюрадағы". Адамдарға сотқа барғаннан гөрі бізге жүгінген оңай", - деп түсіндірді Джун Огава.
Жапон медианарығы әлемдегі озық медианарықтың бірі болып саналады. Мұнда медиация мен өзін-өзі реттеу өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері бар. Айта кету керек, жапондық салт-дәстүрлер мен мораль қатты қарсыласуды құптамайды — мұнда өзара келісу әдетке айналған. Комитеттер сот қарастырып жатқан шағымдарды қарастырмайды және қаржылық өтемақыға қатысты істермен айналыспайды.
"Біз ұсыныс айтамыз, ал шешімді заң бұзушылыққа жол берген хабар таратушылардың өздері қабылдайды. береміз. 209 хабар тарату компаниясы журналистиканың бірыңғай негізгі принциптерін қолдап қол қойды. Міне, 60 жылдан астам уақыттан бері сол ережелерді ұстануға тырысып келеді. Біз заң емеспіз, құқық қорғау органдары емеспіз, біз хабар таратушылар тарапынан жасалған заң бұзушылықтар туралы пікірлерімізді айтамыз. Біз өзімізді сот тармағынан алшақ ұстаймыз және заң бойынша қудалауға негіз болғымыз келмейді", - деді Джун Огава.
Құрылу тарихы: 1997 жылы Жапон хабар тарату корпорациясы (NHK) және Жапон коммерциялық хабар таратушылар қауымдастығы (JBA) медиация және сынға жауап беруге арналған алаң құрды. Қазір BPO құрамына үш комитет кіреді:
- Хабар тарату этикасын тергеу комитеті;
- Телерадио хабарларын тарату және адам құқықтары / басқа да сабақтас құқықтар жөніндегі комитет;
- Жастар бағдарламаларының комитеті.
BPO шағымдар мен этикалық мәселелерді қарастырады, сынға әсер етеді және ұсыныстар айтады. Жеке тұлға бағдарлама эфирге шыққаннан кейінгі екі ай ішінде шағым түсіре алады (презентацияда Джун Огава жала жабу, жеке өмірге араласу немесе нақтыланбаған ақпарат туралы шағымдар түсетіні туралы мысалдар келтірді). Комитеттер тергеулер жүргізіп, ашық жарияланатын ұсыныс немесе пікір түрінде шешім шығарады. Комитет мүшелерінің қатарында — ЖОО профессорлары, медиасарапшылар, әлеуметтанушылар, ал жастар бағдарламаларының комитетінде журналистерден бөлек педиатр дәрігерлер мен психиатрлар бар.
«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі тұңғыш рет Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі Комитетін құрып жатқанынан хабардар болған Джун Огава сәттілік тілеп, бұл іске мұқият қарауға кеңес берді.
«Басты міндеттердің бірі: комитет мүшелерінің тәуелсіз болуы, сол себепті біз комитет құрамына кімдер кіретініне мұқият қараймыз. Комитеттердің құрамына жұмыс істеп жүрген, коммерциялық немесе қоғамдық хабар таратушыларды алмаймыз. Тағы бір нюанс – біз әлеуметтік желілерде болып жатқанның бәріне әсер ете алмаймыз. Біз тек эфирдегі трансляцияға түскен шағымдарды қарастырамыз. Ұсыныс береміз. Адамдар бізге жаңалықтарға деген сенімді сақтау үшін жүгінеді», - деді қонағымыз.
Еске салайық, 12 шілдеге дейін өтініштерді онлайн қабылдау жүреді. Сіздердің әрқайсыларыңыз медианың өзін-өзі реттеуі жөніндегі Комитет жұмысына қатысуға кандидат ұсына аласыздар. Өзін-өзі ұсынуға рұқсат. Қазіргі кезде (1 шілде сағат 12.00ге дейін) 13 кандидат ұсынылған.
Кандидатты сілтеме арқылы ұсынуға болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScDsHtt0hLGBWMQuO7GjVManQn9JGCAcz18OzmI5pUVhLOJwA/viewform
Ал 5 шілдеде Литва журналистер Одағының төрағасы Литва мен еуропалық елдердегі өзін-өзі реттеу тәжірибесі туралы баяндайды. Хабарлама мен ZOOM-ға сілтемені әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан күтіңіздер.
БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ:
Жоба жетекшісі: Ольга Настюкова +7-707-7000-439
Телефон: +7 777 213 13 67
Email: media.principles.kz@gmail.com