Шығыс №_____0305______
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі
Умарову А.Қ. мырзаға
«Қазақстандық Медиа Желі»/«Казахстанская Медиа Сеть»
қазақстандық қоғамдық бірлестігінен
Сұрау
Құрметті Асқар Қуанышұлы!
«Қазақстандық Медиа Желі» қоғамдық бірлестігі ресейлік режиссер, телевизиялық ток-шоу жүргізушісі Тигран Кеосаянның Қазақстанға жасаған шабуылына алаңдаулы. Көрші мемлекеттің қоғамдық тұлғасы тарапынан саналы түрде екі ел арасында өшпенділік тудыру әрекеті орын алуда.
Осыған байланысты сізден:
- «Кеосаян daily» YouTube-арнасына жарияланған роликті YouTube желісінен өшіріп тастау туралы министрлік деңгейінде ресми сұрау жолдап, заңға қайшы контентке шағымдану әрекетін бастауды сұраймыз. YouTube-те мұндай заңды шағымдарды беруге арналған арнайы үлгілер бар;
- Қазақстанға қарсы қоқан-лоққылар мен ақпараттық шабуылдардың таралуын дереу тоқтату үшін осы материалды жоюды талап етіп РФ цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігі және «Роскомнадзормен» байланысуды сұраймыз.
Материалға сілтеме: Лицемерные знаменитости / Запрет георгиевской ленты / Поведение постсоветских стран | «РКН Free»
Кеосаян daily https://www.youtube.com/watch?v=Yq0yfpNlf10
Сондай-ақ, Роскомнадзор қазақстандық БАҚ-ты РФ аумағында қазақстандық ресурстардың мазмұнын бұғаттаумен қорқытып, контентті жою қажеттілігі туралы хабарламаларды жүйелі түрде жіберетініне назар аударамыз. Қазақстандық БАҚ - оқырманын, оның ішінде Ресейдегі оқырманын жоғалтып алмас үшін бұл талапты орындап жүр (негізінде орындауға міндетті де емес). Материалдарды екі жақтан алып тастаудың тепе-тең механизмін әзірлеу қажет деп санаймыз. «Роскомнадзор» қазақстандық БАҚ-тан материалды алып тастауды талап етсе, Қазақстан да өз кезегінде материалдарды алып тастауды, атап айтқанда Тигран Кеосаянның видеосын өшіріп тастауды талап ете алады.
Мысал: «Жаңа репортер» сайтына 26.04.2022 күні жарияланған материал «Пришло уведомление от Роскомнадзора по войне в Украине. Что делать?»
https://newreporter.org/2022/04/26/prishlo-uvedomlenie-ot-roskomnadzora-po-vojne-v-ukraine-chto-delat/
Құрметпен,
Бактыгуль Бурбаева, «Қазақстандық Медиа Желі» ҚБ атқарушы директоры
орындаған:
Ольга Настюкова, жоба жетекшісі