Алматы қ. 11 ақпан 2023 жыл
№7
Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің төрағасы Жұлдыз Әбділда, орынбасары Оразай Қыдырбаев, комитет мүшелері Олжас Әбдіхалық, Мейрамхан Жәпек, Руслан Никонович, Ольга Чебакова, Диана Окремова қатысқан отырыста «лифтідегі сүйісу» оқиғасы туралы видеомен таратқан ақпараттарды жариялау мәселесі қаралды.
Қоғамдық комитет:
1. Медиаға интимдік сипаттағы видео мен фотоны таратпауды ұсынып, ол үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы – «Жеке өмірге қол сұғу» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін екенін ескертеді.
2. Бұл жағдайда қоғамдық мүдде жоқ, көпшіліктің қызығушылығы ғана бар екенін ескере келе, медиа видеоға тікелей сілтеме беріп, фотоны жарияламағаны дұрыс екенін еске саламыз. Бұлайша ашық жариялау видеода болуы ықтимал адамдардың өмірін қатерге тігеді. Осы видеоны бөлісе отырып, қоғамның көптеген өкілі ксенофобиялық ой-көзқарасын ортаға шығарды. Медиа қызметкерлері жариялағалы тұрған материалдың өшпенділік ойды тудырмайтын формада болуына назар аударғаны жөн.
Шешім бірауыздан қабылданды.
Төраға
Жұлдыз Әбділда