Қоғамдық комитет құрамында 9 мүше бар. Комитет мүшелері Қазақстанның медиа конференциясында екі жыл мерзімге сайланады;
"Қазақстандағы медианың негізгі принциптері" туралы Декларацияны қабылдаған адамдар немесе онлайн дауыс беру арқылы. Оның ішінде, Комитеттің 4 мүшесі Комитет мүшелерінің басым бөлігінің ұсынысымен 4 жылға сайланады.
Кандидаттарды ұсынуды "Қазақстандағы медианың негізгі принциптері" туралы Декларацияға қол қойғандар онлайн конференция кезінде қатысушылардың басым бөлігінің дауыс беруімен жүзеге асыра алады.
Дауыс берушінің әрқайсысы жұмыс орнына қарамастан, тек өз даусын ғана ұсына алады. Кандидаттарға дауыс беру арқылы екі бюллетеньмен жүзеге асады: медиа саласының кандидаттары мен ҮЕҰ және басқа ұйымдардың үміткерлері бойынша.
Комитет мүшелігіне жынысына, жасына, біліміне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына қарамастан, медиа, заң шығару, адвокаттық, құқық қорғау саласында білім беру не ғылыми қызметпен немесе кез-келген қоғамдық жобамен, мәдени іспен айналысатын, Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы сайлана алады.
Комитеттің кем дегенде алты мүшесі журналист, редактор, медиа болуы тиіс.
Қоғамдық комитеттің кем дегенде үш мүшесі ҮЕҰ, білім беру, ғылыми және басқа ұйымдардың өкілі болуы қажет.
Комитет мүшелерінің сайлауы онлайн формада өтеді, дауыс беру нәтижелері Қазақстанның журналистері, редакторлары мен медиасарапшыларының онлайн Конференциясында жарияланады. Онда қатысушылар Комитеттің сайланған мүшелерімен (басвм дауысқа ие болған), сондай-ақ комитет мүшелерін объективті не субъективті себептерге байланысты ауыстыру қажет болған жағдайда кезек реттілігін анықтау үшін дауыс берудің толық тізімімен танысып шығады.
Екі бюллетеньнің бірі бойынша сайланған мүше Комитет мүшелігінен шығып қалса не құзыретін өз еркімен тоқтатса; аталған Ережеде бекітілген тәртіпке сәйкес Комитет жұмысына сайланған күннен бастап үш ай мерзімде араласпаса; Комитет құрамынан өзге объективті себеппен шықса, онда Комитеттің шешімімен оның орнына онлайн дауыс беруге қатысушылардың басым даусына ие болған кандидат сайланады.
Комитет мүшелерінің алғашқы отырысы сайланғаннан кейін 14 күннен кешіктірілмей өтуі тиіс.
Комитеттің төрағасы мен хатшысы комитеттің сайлаудан кейінгі алғашқы отырысында ашық дауыс берудің нәтижесінде мүшелердің басым даусымен сайланады.
Комитет мүшесі мүдделі тұлға немесе түсірілген арызда аты аталған азаматтардың туысы болса шағымды қарастыруға арналған жиынға қатыспайды. Сондай-ақ, оның шағым (жағдай, арыз) бойынша қабылданатын шешімге жеке, тура не жанама қызығушылығы болса немесе оның бейтараптығына күдік тудыратын басқа жағдайлар болса ол отырысқа қатыспайды.
Комитеттің әр мүшесі Комитет құрамынан өз еркімен жазбаша арызы арқылы шығуға құқылы.
Комитет жыл сайын желтоқсан айында атқарған жұмыстары туралы есеп әзірлеп, медиа және қоғамдық ұйымдарға арналған кеңестер таратады.
Комитет отырысына дайындықты хатшы мен төраға жүргізеді. Отырыста қарастырылатын материалдар Комитет мүшелеріне жиын басталардан жеті күн бұрын кешіктірілмей берілуі керек.
Комитет хатшысы Комитет жұмысына қажетті ақпаратты жинаумен, отырысқа дайындық мәселелерімен айналысады, Комитет шешімдерін жасақтауға қатысады, қабылданған шешімдерді комитет сайтына жариялап, ұйымдар мен компанияларға, сондай-ақ негізгі принциптер мен Комитеттің юрисдикциясын қабылдау туралы Меморандумға қол қойған азаматтардың поштасына жолдайды.